XXI ғасырдағы революциялар туралы бес деректі фильм

Режиссер Катя Суворова жаңа революциялар туралы бес деректі фильмнің топтамасын жасады. Олар Араб көктемінен бастап Қазақстандағы наразылықтарды баяндайды


11/08/2020
07:58 3922 0

Бүгін Беларусь пен Ливаннан келіп жатқан видеолар ертең тарихқа айналмақ. 

«Парламент алдындағы рейв» / 2019

Фильм революция емес, 2018 жылы Грузиядағы жастардың наразылығы туралы. Көрші мемлекетте де біздегідей шенеуніктер өрескел қателері мен қызметін асыра пайдаланғаны үшін кешірім сұрауға дағдыланбаған. Бірақ бұл фильмде олар Парламент алдында жиналған жастардан кешірім сұрайды.

Туындыны орысша субтитрмен Kinopoisk HD-дағы «Beat Film Festival: ең үздіктері» топтамасынан қарай аласыз.

Amal / 2017

Фильм Египетте Араб көктеміне қатысқан 14 жасар белсенді қыз туралы. Оқиғада оның жігіті қаза тауып, өзі полициядан қатты жәбір көрген. Біз фильмнен оның осы оқиғалардан кейінгі өмірін — өзгеріп жатқан мемлекетпен бірге қалай есейгенін көреміз. 

Амал — жалынды, еш нәрседен қорықпайтын, ерлер арасындағы жалғыз қыз. Оның аты үміт деген мағына береді. Ал наразылықта ол соған қатысу құқы үшін күресті.  Әлі күнге дейін күресіп жүр.  

Деректі фильмді Vimeo on demand-тан қарай аласыз, бірақ біздің елде оның лицензиясы жоқ. Болып қалуы мүмкін, сондықтан арасында тексеріп тұру қажет. Әзірше сол Араб көктемі туралы басқа бір фильмді қарасаңыз болады. Ол — 2013 жылы шыққан «Алаң». Интернетте оңай таба аласыз. 

Қыс, кет / 2012 

Ресейде  2012 жылдың қақаған қысында өткен митингілер туралы фильм. Сол кезде ресейліктер кезекті президентті сайлауға, оның қорытындыларына наразы болды.

Фильмді Марина Разбежкина мектебінің режиссер студенттері түсірді. Онда олар азаматтардың революция, өзгеріске деген құлшынысын керемет суреттей білді.

Туынды классикаға айналып үлгерді. Сондықтан оны кез келген жерден таба аласыз.    

«Еуромайдан. Алғашқы монтаж» / 2014 

Батыл Юлия Гонтарюрктің 2013-2014 жылдардағы Украинада өткен оқиғалар түсірген фильмі. Бір қызығы  автор фильмді түсіруге оператор жалдамаған: олардың басын қатерге тіккісі келмеген, тіпті олай жасауға құқы жоқ деп білген. Бірақ қатер тек оларға емес, көшеге шыққан барлық украиндыққа төнді. Фильм осы туралы. 

Жалпы Майдан — Украина үшін маңызды оқиға. Саясат пен адамдар өмірі ғана емес, документалистердің өмірі де өзгерді. Олар бұл оқиғалар туралы көптеген фильм түсірді және олардың барлығын қарауға тұрарлық.

Майдан / 2014 Сергея Лозницы, «Чечен», Беаты Бубенец, Bавилон`13, Зима в огне, Всё пылает және т.б. 

On A Clear Day You Can See the Revolution From Here / 2020

 

 

Фильм тосын сый деп айтуға болады. Британдықтардың Қазақстанның қалалары мен шетте жатқан жерлері туралы түсірген туындысы.   

Imdb сайты фильм туралы былай жазған: «An expansive journey through the Kazakh steppe, On A Clear Day You Can See the Revolution From Here excavates layers of myth, history and geology to reveal the shifting fault lines between a government, its people and their land». Қазақстандағы биліктің пен халықтың арасындағы құрдым туралы керемет суреттеме. Тіпті біз өзіміз былай суреттей алмас едік. 

Фильм Visions du Réel деректі фильмдер фестивалінің онлайн алаңында жарық көрді. Одан кейін басқа ірі фестивальдерде көрсетілді. Бірақ менің білуімше, авторлар өз туындысын Қазақстанда да көрсеткісі келеді.  

Катя Суворова. 

 


 

Иллюстрация: Анар Бакенова

Поделиться

Нет комментариев.

11/08/2020 07:58
3922 0

Уведомление